
Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық саналатын Рамазан айына байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ораза ұстаған жандарға ауызашар дастарханын жайды. Іс-шараға сала ардагерлері шақырылды.
Ведомствоның Аппарат басшысы Ерболат Мұқаев көпшілікке Марат Қарабаевтың шұғыл іс сапарға кеткенін айтып, министрдің атынан ақжарма тілегін жеткізіп, ислам дінінің отбасылық құндылықтарды дәріптеудегі асыл қасиеттері мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы маңыздылығын атап өтті.
Рамазан айы барша мұсылман жұрты үшін рухани тұрғыдан жаңару, адамдар арасындағысыйластық пен мейірімді арттыратын кезең саналады
Бұл ретте еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан сіздердің өлшеусіз үлестеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен мол жинақтағантәжірибелеріңіз қазіргі жастарға үлгі. Осы жайылған дастархан ұрпақ сабақтастығының анық көрінісі деп айтуға толық негіз бар.
Қасиетті айда барлық амал мен ниет-тілектеріңіз қабыл болып, отбасыларыңызғабақ-береке, зор қуаныш әкелсін. Қызметтеріңізге табыс тілеймін. Оразаларыңыз қабыл болсын!», деді Е.Мұқаев.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі