
Биыл 21 ақпанынан 30 наурызға дейін Астана қаласында Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қалалық департамент қызметкерлері 2018 жылдың бірінші тоқсанына «Астана-Энергия» АҚ мен «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөнінде екі тексеру жүргізді. Онда 32 заң бұзушылық анықталды. Жоғарыда көрсетілген субъектілерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 290-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа сәйкес 962 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.




