
Дубай қаласындағы Дүниежүзілік сауда орталығында сәуірдің 9 мен 11 күндері «Annual Investment Meeting» халықаралық конференциясы өтті. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы еліміздің инвестициялық және іскерлік кездесулер өткізу мүмкіндіктерін көрсететін павильонмен таныстырды.
«Annual Investment Meeting (AIM)» бұл халықаралық инвестициялық қауымдастықтың диалог алаңы ретінде әлемдегі ең танымал жыл сайынғы инвестициялық конференция. Инвестициялық конференцияның бағдарламасы цифрландыру саласында, индустрия 4.0, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және инвестицияларды тарту бойынша әлем стратегияларының тақырыптарында бір қатар пленарлық сессияларды қамтиды.
«Қазақстан мен БАӘ-нің қатынастарының тарихы үлкен. Біз осы биылғы іс-шарада қазақстандық делегацияны қарсы алуға қуаныштымыз. АІМ көрмесінің басшылығы Қазақстанның делегациясына кездесуді сәтті өткізу үшін қолдау көрсетуге дайын. Бұл Қазақстанға трансұлттық компанияларды тартуға арналған үлкен платформа. Біз сіздердің осы іс-шарадан барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді қалаймыз», - деді «AnnualInvestmentMeeting» президенті Дауд Аль Шезави.
Қазақстандық делегацияның құрамында 15-тен аса ірі отандық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері бар.
Бұдан бөлек, форумның алаңдарында 141 шет елдерінің қатысуымен павильондар көрмесі өтіп жатыр.
Қазақстан елге инвестиция тартуға қатысты шет елдердің бизнес қоғамдастықтарымен екі жақты кездесулерді өткізуге мүмкіндік беретін «Kazakh Invest» ұлттық көрме павильонын таныстырды.
«Біз Дубайдағы Дүниежүзілік сауда орталығында Қазақстан павильонына бардық, өйткені естуіміз бойынша Қазақстанда бизнес пен нарық өте дамыған және біз Сіздердің еліңіздерінде бизнесіміздің болғанын қалаймыз. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша бизнес серіктестерді іздеудеміз, әсіресе Таяу Шығыста, Италияда, Қазақстанда, Ресейде. Біз Дубаида дамып келе жатырмыз және бізге жаңа серіктестермен бизнесті ашу керек», - деді қазақстандық павильонға келуші, «AT WORLD Holding» компаниясының өкілі Махмуд Шалаш.
«Қазақстан Республикасы мен үшін әрқашан қызық болатын. Қазақстанда украиндік бизнес өте көп, көптеген украиндіктер жұмыс істеп жатыр, яғни қарым-қатынас жеткілікті жақсы, сондықтан мен павильонға Қазақстандағы doing businessпроцестері туралы көбірек білу үшін келдім, және мүмкін біз ортақ түйісу нүктелерімізді табамыз», - деп атап өтті «Task Force» украинлақы компанияның басшысы Станислав Горбачевский.
«Kazakh Invest» ұйымдастырған Қазақстан павильонының жұмысы Дубайда «Annual Investment Meeting» конференциясы аясында бүгін де жалғасып жатыр. Сондай-ақ, бүгін Қазақстанның АІМ сессиясының аясындағы инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылымы және «Kazakh Invest» басшылығының ең ірі араб компания өкілдерімен бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланған.