
Аталған іс-шараның маңызы мен бағдарламасының ерекшелігі туралы ДТК 2018 Ұйымдастыру комитетінің басшылығы Астанадағы баспасөз мәслихатында айтты.
Спикер ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау, ИДМ Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов, ТМКА атқарушы директоры Николай Радостовец, Минералды шикізатты кешенді өңдеу Ұлттық орталығының директоры Абдурасул Жарменов, Iteca компаниясының директоры Юрий Бородихин сөз сөйледі.
25-мерейтойлық Дүниежүзілік Тау-кен конгресінің бағдарламасында бірқатар мамандандырылған сессиялар өтеді. ТМК геологиялық барлаудан бастап байытуға дейін, тәуекелді бағалаудан бастап халықаралық қаржыландыруға дейін қамтиды. Конференциямен қатар тау-кен өндіруші өнеркәсібіне арналған құрылғылар мен технологиялардың көрмесі, сонымен қатар, қатысушыларды Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және ғылыми мекемелерімен таныстыру мақсатында бірқатар экскурсиялар ұйымдастырылады.
Альберт Рау: «Аталған әлемдік маңызы бар ауқымды шара тек Қазақстанда ғана емес, ТМД аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Біздің елімізді мерейтойлық Конгресті өткізу таңдауы кездейсоқ емес, себебі Қазақстанның минералды-шикізаттық базас ресурстарға бай. Мұнда: периодтық кестедегі 99 элемент; 5000 қолданыстағы кен орны; өндірісте пайдаланылатын 60-тан астам элемент бар».
Сонымен қатар, спикер отандық саланың бірқатар жоғары көрсеткіштерін атап өтті: 2017 жылы тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9,3%, өңдеу - 5,1%-ға артқан. Түсті металл рудаларын және темір рудасын өндіру сәйкесінше, 8,2% және 6,9%-ға жоғарылаған. Сонымен қатар, металлургия секторында оң динамика байқалған, бұл өндіріс көлемінің артуымен түсіндіріледі: қара металлургия саласында 6,6%, ал түсті металлургия саласында өсім 5,5% құрайды.
Дүние жүзілік тау-кен конгрессін өткізу нәтижесінде ұйымдастырушылар Қазақстандағы саланың дамуына оң ықпалын тигізеді деп күтуде. Ол геологиялық барлау және өндіру жобалары санының артуы мен Қазақстан аумағында жер қойнауын пайдаланушылар базасының кеңеюі есебінен орындалып отыр.
Сонымен қатар, халықаралық оқиға геологиялық барлау жобаларына ірі әлемдік компаниялар мен капиталы шағын мамандандырылған инвестициялық ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді.
Астана қаласында Дүние жүзілік тау-кен конгресін өткізу Қазақстанның ТМК қаржы институттары мен инвесторларын тартуды айрықша құқықтық режим негізінде МФЦА аумағында инвесторларды қорғауды қамтамасыз етеді. M&A аясында Қазақстан аумағында тау-кен руда секторында мүмкіндіктер мен ньюанстар ашылатын болады (біріктіру және жұтылу).
Инвестиция, инновациялық шешімдерді басқару және енгізу процестерін оңтай ландыру тақырыптарының маңыздылығы Конгресс бағдарламасында көрсетілген – Pricewatherhouse Coupers директоры Максим Барановтың модератор ретінде қатысуымен жоспарланған сессия бар (үлкен аудиторлық төрттіктің көшбасшы компаниясы).
ДТК шеңберінде «Mines&Money» халықаралық инвестициялық конференция өтеді. Бұл өндіру бойынша жобаларға капитал мен инвестиция тартуға арналған жетекші халықаралық оқиға. Мұнда инвестор және жер қойнауын пайдаланушылар келіссөз жүргізу, инвестициялық опцияларды талқылау, нарықты талдау және білім алмасу мақсатында кездеседі. Mines&Money нарығының ТМК дамуының жаңа трендтері мен тенденциялары айтылады. Mines&Money шаралары Австралия, Гонконг, Лондон, Торонт және Нью-Йоркте өтеді.
Дүние жүзілік тау-кен конгрессін өткізу ғылыми-техникалық ортадағы құнды шара. Себебі жиырма жылға жуық уақыт ішінде Конгресс шеңберінде бірегей жобалар мен әзірлемелер ұсынылған, олар кейін дүние жүзі бойынша ең ірі өндірістерде қолданылған.
2018 жылы Астана қаласында өтетін Конгреске көптеген ғылыми институттар қатысады, олардың зерттеулері мен соңғы әзірлемелеріне саланың ірі компаниялар мүдделі болып отыр.
Алмас Батанова мырза айтып кеткендей (ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы): «Аталған шара бірінші кезекте, біздің еліміздің тау-кен саласының инвестициялық әлеуетін арттыруға және БҰҰ, ЕЫДҰ, Дүние жүзілік банк, Лондон қор биржасы, Дүние жүзілік алтын кеңес т.б. әлемдік ұйымдармен өзара әрекеттестікті дамытуға мүмкіндік береді».
Конгресске 2018 жылы 50 мемлекеттен 2000 астам делегат, 37 мемлекеттен 368 баяндамашы-автор, 43 мемлекет, 25 мемлекеттен 58 ассоциация, 26 мемлекеттен 62 университет қатысады және ДТК көрмесіне 21 мемлекеттің 220 астам компаниясы атсалысады. ДТК сыйлы қонақтары: Польша мен Австралияның Премьер-министрлері қатысады деп күтілуде.



