
Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,3%-ға өсті. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 5,1%, өндеу өнеркәсібінің өсімі 6,2%. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отыроысында мәлімдеді.
Тау-кен өнеркәсібінде түсті металдар кенін өндіру көлемі 2%-ға және темір кенін өндіру көлемі 3,7%-ға өсті.
«Өндеу өнеркәсібіндегі жалпы салалар бойынша оң серпін бар. Айталық, Метарллургия өнеркәсібінде 5,6%; химия өнеркәсібінде 14,3%; машина жасауда 9%; фармацевтикада 10,2%; құрылыс материалдарын өндіруде 3,9%; жеңіл өнеркәсіпте 3% өсім бар. Металлургиядағы өсім өндіру көлемінің артуымен байланысты. Атап айтқанда болат 5%-ға, шойын 4%-ға, ферроқорытпа мен мыс 1%-ға, қорғасын мен мырыш 6%-ға, алтын 58%-ға артты»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Көлік кешені бойынша 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында нақты көлем индексі 104,6%-ды құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 4,3%-ға өсіп 847,8 млн. тоннаға жетті. Теміржол көлігімен жүк тасымалдауда айтарлықтай өсім бар. Ол 95,0 млн. тоннаны құрап, 9,7%-ға өсті. Көліктің барлық түрімен тасымалданған жүктің көлемі 9,2%-ға өсті және 136,6 млрд. ткм-ды құрады. Транзиттік жүктердің жалпы көлемі 19,4%-ға өсіп 4,3 млн. тоннаға жетті. Оның ішінде теміржол көлігімен тасымалданған транзиттік жүк 24,8%-ға өсіп, 4,03 млн.тонна болды. Көлік қызметінің кірісі 14,5%-ға өсіп, 620,2 млрд. теңгені құрады.
«Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 105,9% болды. Көктем шығып, жұмыстардың басталуына байланысты жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі өсті. Жалпы көлемі 2,9 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспар процентінің 24%-н құрады»,-деді министр.
Жалпы республика бойынша 25 301 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 200 жеке үй бар.
Фото мұрағаттан алынды