Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2018 тау-кен өнеркәсібі форумы өтіп жатыр

Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2018 тау-кен өнеркәсібі форумы өтіп жатыр

2018 жылғы 18-нен 19-сәуір аралығында Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2018 9-шы тау-кен өнеркәсіптік форумы өтті.

Астана қаласында өткен Форумда тау-кен компаниялары, инвесторлар, кеңесшілер, технологиялық компания, аймақтық, салалық министрлік басшылары Қазақстанға және Орта азия елдеріне инвестициялар тарту және инновациялық технологияларды енгізу тиімділігін дамытуды қамтамасыз ету, тау-кен саласында мемлекеттік саясат, жер қойнауын пайдалану саласындағы және түйінді өзгерістерді зерттеу перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.

Аталған форумда Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев баяндама жасады. Ол жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаға тоқталды. Форумда жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, Қазақстанның өндіріс саласын экологиялық және тұрақты дамыту мәселелері қарастырылды

Форум аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану Комитетінің хатшысы Галина Баймаханова, Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің төраға орынбасары Талғат Сатиев, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Рустам Баймишев сөз сөйледі.

Бұдан бөлек, форум аясында 19 сәуір күні Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне қатысты дөңгелек үстел өткізіледі. 

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану Комитеті, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдері қатысады. Қатысушылар қабылданған Кодекстің негізгі ережелерін, оны жүзеге асырудың тәжірибелік аспектілері мен де жүргізілген реформаларды имплементациялауға дайындығын талқылайтын болады.

Орталық Азиядағы МАЙНЕКС Форумы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттерінде минералды-шикізат ресурстарын дамыту және озық технологияларды  енгізу, геологиялық барлау, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу мәселелеріне қатысты тау-кен саласындағы айтулы оқиға болып табылады.

Форумның тағы бір бөлігінде "Орталық Азия елдеріндегі минералдық-шикізаттың дамуы, шикізат және қаржы нарығындағы әлеуетіне сұраныстың өсуі" жайында пікірталас болады.

Толық ақпаратты МАЙНЕКС Орталық Азия 2018 www.minexasia.com ресми сайтынан алуға болады.