Астанада «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына жаңа технологияларды енгізу жолдары» тақырыбында конференция өтті

Астанада «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына жаңа технологияларды енгізу жолдары» тақырыбында конференция өтті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына жаңа технологияларды енгізу жолдары» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға ғылыми мамандар, отандық тауар өндірушілер, Дүниежүзілік банктің «Термиялық қорғаныш киім және роботты тігін машина өндірісі» гранттық жобасының өкілдері, «ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің, «ҚР Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Атамекен» ҰКП-ның, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның, БАҚ-ның өкілдері және басқалар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты жеңіл өнеркәсіпке, әсіресе тоқыма өндірісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға және өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сндай-ақ, өнім бағасының төмендеуіне, ішкі және сыртқы нарықта отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

 «Термиялық қорғаныш киім және роботты тігін машинасын өндіру» жобасының жетекшісі - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жобалау бөлімінің профессоры Мұрат Мыңбаев жобаның таныстырылымын жасады.

Профессордың айтуынша, Қазақстанда заманауи талаптарға жауап бере алатын білікті мамандардың жетіспеушілігі сезіледі.  Кәсіпорындар ескірген технология мен қондырғыларды пайдаланады.

«Технологиялық процестерді жобалау автоматтандырылған жүйелерін алу қиын, көлік-логистикалық маршруттарды оңтайландыру процесі әзірленбеген. Кәсіпорындардың салыстырмалы түрде төмен инновациялық белсенділігі - 9,3% (Швецияда бұл көрсеткіш 57%, в Германияда – 70%, Финляндияда – 46%, Австрияда – 70%, Ұлыбританияда – 62%). Осыған байланысты Дүнижүзілік банк грантының қаржысы есебінен тігін өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ынталандыру үшін «СӘН ӘЛЕМІ» Дизайн және технологиялар институты» индустриалды-ғылыми ынтымақтастық орталығы құрылды. Ол ғылыми-зерттеу базасы мен тігін индустриясын инновациялық дамыту драйвері қызметін атқарады»,-деп атап өтті Мұрат Мыңбаев.

«СӘН ӘЛЕМІ» Дизайн және технологиялар институты» индустриалды- ғылыми ынтымақтастық орталығы (ӨҒЫО) Дүниежүзілік банктің «Өндірістік сектор консорциумы» гранттық бағдарламасы аясында құрылды.

Сондай-ақ Цифрландыру мен «Жаңғырту 4» бағдарламалары арқылы технологиялық инновацияларды қолдануда 650 000 000 (алты жүз елу миллион) теңге мөлшеріндегі гранттық қаражаттың есебінен жеңіл өнеркәсіп индустриясының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ынталандыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында кемінде 5 (бес) және одан да көп өнеркәсіп кәсіпорындарын қоса қаржыландыру қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, Конференцияға қатысушылар «УниверMAG.KZ» дүкеніне барып, сөрелерге қойылған отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен (шамамен 40 кәсіпорын) танысты.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар жеңіл өнеркәсіп өкілдерінің мемлекеттік құрылым өкілдерімен, университет ғалымдарымен, сондай-ақ даму институттарымен тұрақты пікір алмасу арқылы саладағы проблемаларды жылдам шешуге және жаңа жобаларды іске асыруға ықпал ететіні анық.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, «Технология және бизнес университеті» АҚ, «Алтын Адам» ЖШС, «Казлегпром» ЖШС,«Гаухар» ЖШС, «Универсал-реклама» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «Ютария-Астана» ЖШС, «BenchMarkConsulting» ЖШС мен «СӘН ӘЛЕМІ» Дизайн және технологиялар институты» арасында «Индустриалды-ғылыми ынтымақтастық орталығы» Өндірістік сектор консорциумын құру туралы Келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, «Muar A» ЖШС (дизайн және перде тігу) мен «УниверMAG.KZ» дүкені арасында дүкеннің сауда алаңдарына өз өнімдерін қою жөнінде келісім жасасты.

 

В Астане прошла конференция на тему: «Пути внедрения новых технологий на предприятия легкой промышленности»1

 

В Астане прошла конференция на тему: «Пути внедрения новых технологий на предприятия легкой промышленности»3