2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 18 895 млн. теңгені құрады

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 18 895 млн. теңгені құрады

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде шығарылатын тауарлар құрылымында тоқыма бұйымдары өндірісіне 62 % келеді, киім өндірісіне – 30 % және былғары мен оған жататын бұйымдар өндірісі 8 % құрайды.

Жеңіл өнеркәсіптің қолданыстағы кәсіпорындарының саны 2020 жылғы           1 наурыздағы жай-күйі бойынша 1097 құрады, оның ішінде 12 ірі, 24 орта және 1061 шағын кәсіпорындар.

Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында жеңіл өнеркәсіптің үлесі 1,1% құрады.

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 18 895 млн. теңге (НКИ-і – 112,4 %) құрады, оның ішінде:

тоқыма бұйымдары өндірісі – 11 695  млн. теңге (НКИ – 111,9 %);

киім өндірісі – 5 610 млн. теңге (НКИ – 109,7 %);

былғары мен оған жататын бұйымдар өндірісі – 1 589 млн. теңге (НКИ – 111,8 %).

Ұлғаю барлық кіші салаларында болды.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда ұлғаю негізінен киімнен басқа, үй шаруашылығына арналған дайын тоқыма бұйымдары (119,0 %), олардан төсек жаймалары (139,6%), мақта талшығы (153,1%), табиғи үлбірден жасалған киім заттары, киім аксессуарлары (154,2%), тоқыма емес материалдар және олардан жасалған бұйымдар (120,8%), фетр мен киіз (113,8%), жүннен басылған және киізден жасалған аяқ киім (113,1%), трикотаждан сыртқы киімдер, спорттық, қорғаныс және ортопедиядан басқа (132,3%), сырт киімдерден және трикотаждан басқа, ерлерге немесе ұлдарға арналған (145,1%), қалпақ мен бас киімдер (104,1%), спорттық, қорғаныш және ортопедиялық аяқ киімнен басқа аяқ киім (167,5%), спорттық аяқ киімдерден басқа, үсті былғарыдан жасалған аяқ киім (171,6%).

2020 жылғы қаңтарда жеңіл өнеркәсіп өнімі экспортының көлемі                     25,5 мың АҚШ долларын құрады.

Жеңіл өнеркәсіп өнімі импортының көлемі 2020 жылғы қаңтарда 115 мың АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы                  № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде      2020 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында банктер 5,14 млрд. теңге сомасына кредит алуға 28 өтінімді мақұлдады, оның ішінде:

дайын тоқыма бұйымдары – 8 жоба;

мақта-мата - 1 жоба;

кілем және кілем бұйымдары - 1 жоба;

киім, оның ішінде арнайы киім, сыртқы киім, шұлық-ұйық бұйымдары, тоқылған трикотаж бұйымдары - 16 жоба;

аяқ киім - 2 жоба.

2019 жылы 4 жаңа жоба пайдалануға берілді, жалпы инвестиция сомасы     5 млрд.теңге, 849 жұмыс орны құрылды.

Анықтама:

«Бал текстиль» ЖШС - кілем және кілем бұйымдарын шығаратын үшінші цех (3-кезең);

«Назар Текстиль» ЖШС - синтетикалық иірілген жіп өндірісі;

«Azala Cotton» ЖШС - аралас иірімжіп өндірісі (2-кезең);

«Семирамида» ЖШС - өндірісті жаңғырту және жейде өндірісі бойынша жаңа желіні іске қосу.