
Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында 041/2017 ЕАЭКТР жүзеге асыру аясында екінші деңгейдегі құжаттарды әзірлеу туралы Сараптамалық жұмыс тобының 3-ші отырысы өтті.
Отырысқа бизнес және «Химиялық өнімдер қауіпсіздігі туралы» ЕАЭК техникалық регламентін іске асыру аясында екінші деңгейдегі құжаттарды әзірлеубойынша (041/2017 ЕАЭК ТР) сараптамалық жұмыс тобының мүшелері қатысты. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі - А.Рыспаева, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы Қ.Дюсамбаев және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан А.Шаяхметова қатысты.
Сараптамалық жұмыс тобының 3- отырысын техникалық реттеу және EЭК аккредиттеу директоры А.Шаккалиев екінші деңгейлі құжаттарды әзірлеу және Комиссияның шешімдеріне сәйкес жобалардың таныстырылымын жасады.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
- ЕАЭК қоспа және химиялық заттар тізімін енгізу және үйлестіру үшін ақпарат көзін құру мүмкін болатын нұсқаулары туралы;
- ЕАЭК мүше елдердің құзыретті органдары041/2017 ЕАЭК ТР2021 жылы күшіне енгенге дейін химиялық заттарды тіркеу және тіркеу жүргізу тәртібі;
- химиялық қоспаларды тіркеуге қойылатын талаптар күшіне енгені туралы кейінге қалдырылған ережелерді ескере отырып,(041/2017 ЕАЭК ТР)» «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭК «Техникалық регламенттердің өтпелі ережелер туралы»Комиссия Кеңесінің шешімі жобасы041/2017 ЕАЭК ТРкүшіне ену кезеңдерінің өтпелі кезеңі;
- ЕЭК ресми сайтында жарияланған Еуразиялық экономикалық одақтың қоспа және химиялық заттардың тізіміне қолжетімді ақпарат көлемінің қажеттілігі.
Қазақстан тарапынан жылына 1 тонна кем емес өндірілетін немесе әкелінетінхимиялық қоспалар және полимерлер (мономерлерден басқа), химиялық өнімді алып тастау жөнінде ұсынылды, бірақ ЕАЭК елдерінің сараптамалық жұмыс тобының басқа мүшелерінен қолдау алмады.
Осы уақытта, сараптамалық жұмыс тобының мәжілісі аясында Қазақстан Республикасыныңкелесі ұсыныстар ескерілді:
1. Химиялық өнімдерді сәйкестендіру, жіктеу, тіркеу үшін халықаралық, аймақтық және ұлттық дерекқорлар немесе анықтамалықтарды қолдану мүмкіндін пайдалану.
2. Өнімнің тәуекел топтары үшін зерттеуді тек сипаттамаға сәйкес жүргізу. Бұдан бөлек, ҚР ұсынысы бойынша Еуропалық Одақтың REACH (англ. Regulation (EC) No 1907/2006) Ережесінің 7-11 қосымшаларына ұқсас химиялық заттардың әсері және қолдануға тәуелді нақты қауіпсізідік көрсеткіші бойынша зерттеу жүргізген жағдайда қосымшаны әзірлеу келісілді.
3. Сараптамалық қорытындыны қолдану.
3-ші отырысының қорытындысы бойынша Қоғамдық талқылау үшін Кеңестің заңды порталына орналастыру 2018 жылдың 18 мамырына дейінгі мерзімде және белгіленген тәртіпте реттеуші әсер бағасын жүргізу үшін (041/2017 ЕАЭК ТР) екінші деңгейлі құжат кешенін дайындау шешімі қабылданды.
Сондай-ақ, Астана қаласында толық форматта 2018 жылдың бірінші онкүндігінде сараптамалық жұмыс тобының кездесуін өткізу мүмкіндігін қарастыру жоспарланды.