ҚР ИДМ ИДӨҚК «АрселорМиттал Темиртау» АҚ құбырындағы аварияны тергеу аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуде

ҚР ИДМ ИДӨҚК «АрселорМиттал Темиртау» АҚ құбырындағы аварияны тергеу аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуде

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері «АрселорМиттал Темиртау» АҚ құбыр объектісінде болған аварияны тергеу аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы жүргізуде.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 31 наурызы күні сағат 2240-та «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-ның оттекті цехы аумағында шығысы 35000м3/сағат, қысымы 20 атмосфера, диаметрі 720мм болатын азот құбыры мен диаметрі 820мм, қысымы 6 атмосфера, шығысы 96000м3/сағат болатын сығылған ауа құбырының ажырауы мен зақымдануы орын алған болатын.

Аварияның салдарынан № 2,3,4 доменді пештері төмендетілген жұмыс параметрлеріне келтірілді. Конверторлы цехта – 3 конвектор жұмыс істеп тұр, 2 болатты үздіксіз құю 2 машинасына азот және сығылған ауа бойынша шектеу енгізілді.

Кейін КТК-12500 мз/сағат компрессорына азот беру төмен қысымды құбырға ауыстырылды. Бұл компрессор қысымды 7 атмосфераға дейін көтеріп, кейін доменді және конверторлы цехтарға жөнелтті.

Мердігер ұйымдардың тергеуі мен тексеруінен кейін анықталды:1000м шамасындағы азот құбырын демонтаждау, сонымен қатар 300м шамасындағы ауа құбырын демонтаждау. Үш мердігер ұйымдар құбырларды қайта қалпына келтіру үшін дәнекерлеу мен құбырлардың түйісуін дайындау жұмыстарын жүргізді.

2018 жылдың 8 сәуірі күні АрселорМиттал Темиртау» АҚ жөндеу жұмыстарынан кейін конвертерлі цехқа азот беретін 820мм диаметрлі құбырдың беріктілігі мен тығыздығына сынақ жүргізілді.

2018 жылдың 10 сәуірі күні құбыр іске қосылды.