
2018 жылдың 23 сәуір күні Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов және орынбасары Асқар Төлешов өртке қарсы қызметіне 100 жыл толуына орай, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерін құттықтап, Департамент басшысы Қабылбек Қыстаубаевқа Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Өртке қарсы қызметіне 100 жыл» естелік медалін табыстады.
Департамент басшысы Қабылбек Қыстаубаев: «Адамзатты және объектiлердi авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан қорғау, оларды сенiмдi пайдалану талаптарына сәйкестендiру - сіз бен біздің басты міндетіміз. Сондықтан міндетімізді адал атқарамыз!» - деп алғыс білдіріп, сөз соңын түйіндеді.
