
Бүгін «Транспорт тауэр» ғимаратында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Замир Сағыновтың төрағалығымен «Әдеп жөніндегі өкілетті институттың қызметі, атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары және оларды іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Кеңеске министрліктің, оған бағынысты водомстволық ұйымдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы қадағалау департаменті директорының орынбасары М.Наурызбек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының» басшысы Т.Байғұлов және министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің әдеп жөніндегі жаңа өкілі Гүлмира Әубәкірованың кандидатурасы ұсынылды. Сонымен қатар, 2017 жылдың қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі өкілдің атқарған жұмысының есебі тыңдалды.
2017 жылы Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 12-қадамн орындау аясында әдеп жөніндегі өкілдің лауазымы тәуелсіз болды. Бұл оның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы және мемлекеттік қызметшілерді қорғауды қамтамасыз етудегі өкілдігін күшейтті.
М.Наурызбектің баяндамасында еліміздің 744 мемлекеттік мекемесінде әдеп жөніндегі өкілетті тұлғаның қызметі басшылық лауазымда қызмет атқаратын, сонымен қатар ұжымға сыйлы және қадірлі қызметшілерге жүктелген. Осылайша әдеп жөніндегі өкілетті институттың тұтас жүйесі құрылды. Жаңа институт өкілдері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу туралы азаматтардың 400-ден астам жазбаша өтініштері қаралғанын, оның ішінде расталған 59 жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданғанын атап өтті.
Жаңа институттың пайда болуы қызметтік әдеп нормаларының сақталуына қадағалау жүргізуге, кеңес беру көмегін көрсетуге, мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етті.









