
SANTO Member of Polpharma Group - «Химфар АҚ-ның тауарлық маркасы. Кәсіпорын жоғарғы сападағы дәрілік заттарды қолжетімді бағада Орталық Азиядан Қазақстан нарығына жеткізеді және өндіреді, құрастырады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 600 млн таблетка, 300 млн ампула, 6 млн инфузия, 40 млн антибиотик флакондары және 26 млн шәрбет флакондарын құрайды.
Еліміздегі жетекші SANTO компаниясы инъекциялық ерітінділерді және инфузияларды өндіретін, қатты пероралды дәрілік заттарды өндіретін өндірістік алаңдарының тиісті өндірістік тәжірибе стандартының (GMP) талаптарына сәйкес келетіндігін, сондай-ақ, дәріхана қоймасының тиісті дистрибьюторлық тәжірибе стандартына (GDP) сәйкес келетіндігін растайтын маңызды үш сертификатқа иеболды.
Мұндай сертификаттарға ие болу – SANTO компаниясындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесінің және өндіріс жағдайларының жоғары стандарттарға жауап беретіндігінің айғағы. Ал бұл өндіріліп жатқан препараттардың сапасына кепілдік береді.
Естеріңізге салсақ, GMP стандарты (GoodManufacturingPractice) дәрі-дәрмек өндірісіне, сапаны бақылауға, құжатнаманы жүргізуге, сондай-ақ, қызметкерлер құрамына, бөлме-жайлар мен жабдыққа арнап жалпы талаптарды белгілейді. GDP (GoodDistributionPractice) – шикізатты өндірістік кәсіпорындарға жеткізуден бастап, дайын өнімді соңғы қолданушыға жөнелтуге дейінгі жеткізілімнің бүкіл тізбегінде дәрілік заттар айналымымен айналысатын қойма жайлардың және көтерме сауда базаларының сапасын қамтамасыз етуг еарналған жүйе.