
2018 жылы 25 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы экономиканың басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты мемлекеттік сектор мен бизнес қоғамдастығының арасында еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы экономиканың басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әлеуеті мен ынталандыру шараларын талқылау бойынша диалог алаңын ұйымдастыру болып табылады. Конференцияда, соның ішінде, әлемдік практиканың табысты мысалдарын ескере отырып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының қолданыстағыларының тиімділігі және жаңаларын енгізу мүмкіндігі жөніндегі мәселелер талқыланады.
Конференцияның негізгі міндеттері:
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік сарапшылар, дамыту институттарының, әкімдіктердің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың және тағы басқаларының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
Конференция барысында кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаумен толығырақ танысуға, қолданыстағы қолдау шараларының тиімділігі жөніндегі мәселелерді талқылауға және анағұрлым тиімді, жаңа қолдау шараларын ұсынуға, шығындардың өтеуін алған кәсіпорындардың басшыларының сөздерін тыңдауға болады. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы толығырақ www.kidi.gov.kz сайтында «Бизнесті қолдау» бөлімінен білуге болады.
Өтетін күні: 2018 жыл 25 мамыр
Өтетін орны: Астана қ., «HiltonAstana» қонақ үйі (Сауран к-сі, 46).
Тіркеу: сағат 09.00 – 10.00.
Барлық мүдделі тұлғаларды VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Дереккөз: «ҚИДИ» АҚ баспасөз қызметі