
Келісім транскаспий бағытында казақстандық теңіз порттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып Ro-Ro тасымалын дамытуға бағытталған. Келіссөз нәтижесі бойынша келісімнің мәтініне екі жақты қанағаттандыратын жаңа ұсыныстар мен өзгертулер енгізілді. Сонымен қатар, екі тарап келісу процедураларын қысқа мерзімде өткізу және жақын уақытта осы келісімге қол қоюға бар күш-жігерін салу жөнінде уағдаласты.
Келіссөздерді қазақстандық тараптан Инвестициялар және даму министрлігі Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры Серік Бәшімов, түркиялық тараптан Көлік, теңіз мәселелері және коммуникациялар министрлігі Қауіпті жүктер және құрама тасымалдар жөніндегі бас директорының орынбасары Синан Кушчу жүргізді.