
Авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі уәкілетті орган 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облысының Шолақай е.м. маңында «Казавиа» ЖШС-нің, борт нөмірі UP-LA127, Як-12М әуе кемесімен болған адам өліміне әкелген авиациялық оқиғаны (апатты) тексеруді аяқтады.
Әуе апатының негізгі себебі әуе кемесінің рұқсат етілмейтін шағын биіктік пен ұшу жылдамдығында әуе кемесінің маневрлерді (рұқсат етілген ең жоғары ораммен бұрылу) орындауы болып табылады.
Осындай маневрлер, сондай-ақ ұшақты басқару кезінде ұшу биіктігі мен жылдамдығын бақылауды жоғалтудың салдарынан ұшу биіктігінің жоғалуына және әуе кемесінің жер бетімен оң жағымен соқтығысуына алып келді.
Әуе кемесінің жер бетімен соқтығысуы нәтижесінде ұшақ құрылымы бұзылып, өрт шықты, соның нәтижесінде ұшқыш пен жолаушы (шаруа қожалығының өкілі) қаза болды.
Бұдан басқа, авиациялық оқиғаны тексеру барысында келесідей ықпал етуші факторлар мен кемшіліктер анықталды:
Тексеру қорытындысы бойынша ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне «Казавиа» ЖШС авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктерді қайтару және экипаж мүшелерінің ұшу алдындағы демалыс режимін сақтау, сондай-ақ ұшу тапсырмасына қатысы жоқ рұқсат етілмеген тұлғалардың әуе кемесінің кабинасында болуына жол бермеу бөлігінде базалық аэродромдардан тыс жерге отырғызу алаңдарында әр түрлі әуе жұмыстарын орындайтын әуе кемелерінің пайдаланушыларына бақылауды және қадағалауды күшейту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, болашақта осындай апаттардың алдын алу үшін профилактикалық шараларды қабылдау үшін ұшақ пайдаланушыларына оқиғаға ұшыраған (апатқа) №
UP-LA127 Як-12М ұшағының тексеру нәтижелерін жеткізу ұсынылады.
Фото ашық ақпарат көзінен