
Қазақстандықтар және отандық бизнес үшін қиын кезеңде «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруда.
Нұр-Сұлтан қ. төтенше жағдай мен карантин режимін енгізуге байланысты компания қызметкерлердің бір бөлігін қашықтықтан жұмыс жасау режиміне ауыстырды. Алайда, таратылып отырған ақпаратта көрсетілгендей «QazIndustry» еліміздің кәсіпорындарына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Атап айтқанда:
Ø мемлекеттік ынталандыру шаралары: көмек алу шарттары, механизмдері және өтінімдерді ресімдеу бойынша бойынша консултациялар беру;
Ø Отандық өңделген тауарларды (сыртқы нарықтарға) жылжыту, еңбек өнімділігін арттыру бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдер қабылдау.
Төмендегі шығын түрлерін өтей алатындарыңызды естеріңізге саламыз:
Ø отандық өңделген тауарларды (сыртқы нарықтарға) жылжыту шеңберінде:
¾ тауарларды шетелде жарнамалау;
¾ шетел көрмелері, жәрмеңкелері мен фестивальдарына қатысу;
¾ шетелде таратуға арналған каталогтар әзірлеу (әзірлеу, аудару);
¾ шетелде өкілдік, сауда алаңы мен қойма ұстау;
¾ тауар белгілерін (бренд) шетелде тіркеу;
¾ тауарларды шетелде сертификаттау;
¾ тауарлар жеткізу.
Анықтамалық: «QazIndustry» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің отандық өңделген тауарларды жылжыту жөніндегі операторы ретінде 2020 жылғы 12 наурыздан бастап 01 маусым аралығында шығындардың бір бөлігін өтеу туралы өтінімдерді қабылдау туралы жариялады.
Шығындарды өтеу үшін мемлекетпен бөлінген жалпы сома ағымдағы жылы 9,8 млрд.теңгені құрайды.
Ø еңбек өнімділігін арттыру шеңберінде:
кәсіпорынның құзыретін арттыру бойынша шығындарды өтеу:
¾ инженерлік-техникалық қызметкерлерді, өндірістік қызметкерлерді, соның ішінде, топ-менеджерлерді және шетелде кәсіби түрде дайындау және/немесе қайта дайындау және/немесе біліктілігін арттыру;
¾ еңбек шарты бойынша шетел жұмыскерлерін тарту;
технологиялық процестерді жетілдіру бойынша шығындарды өтеу:
¾ техаудит, энергоаудит;
¾ IT технология саласында консалтинг тарту;
¾ өнімнің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;
¾ инженерлік ой дайындау және жаңа құрастырылымдар, технологиялар іздеу;
¾ монтаж, шеф-монтаж, іске қосу мен жөндеу жұмыстары және жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
¾ инженерлік, құрастырылымдық әзірлемелер;
¾ цифрлық және виртуалды инжинирингтік әзірлемелер;
¾ тәжірибелі үлгілер дайындау және/немесе объектілерді цифрлық модельдеу;
¾ өнімге өнеркәсіптік сынақтар жүргізу;
¾ өндіріске толықтырылған шынайылықты енгізу бойынша қызметтер;
өндіріс ұйымының тиімділігін арттыру бойынша шығындарды өтеу:
¾ құжаттама әзірлеу және/немесе прогрессивті басқару және өндірістік технологиялар енгізу (бағдарламалық қамту);
¾ энергиялық тиімді және жасыл технологиялар;
¾ жобаларды басқару стандарттары;
¾ Үнемді өндіріс элеменеттері;
¾ цифрлық технологияларды қолданумен өндірісті ұйымдастыруды енгізу;
¾ индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау шығындарын өтеу:
¾ ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алуға арналған индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу;
¾ Карта жобаларына арналған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеген және/немесе сараптама жүргізгені үшін.
Анықтамалық: «QazIndustry» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі операторы ретінде өтінімдерді тәулік бойы қабылдайды. Шығындарды өтеу үшін мемлекетпен бөлінген жалпы сома ағымдағы жылы 0,5 млрд.теңгені құрайды.
Ыңғайлы болу үшін «QazIndustry» ұсынылатын барлық мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша консультация беретін өңірлер бойынша жауапты орындаушылар бекіттік, сондай-ақ, олар шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін өтінім қалыптастыруға және қажетті құжаттар топтамасын жинауға көмектеседі.
Консультация алу үшін байланыс телефондары:
Ø Атырау обл., Ақтөбе обл., БҚО, Маңғыстау обл., Қызылорда обл. – Айсұлу Жалмурзина, 8 778 171 24 66, a.zhalmurzina@qazindustry.gov.kz;
Ø Алматы қ., Шымкент қ., Алматы обл., Жамбыл обл., Түркістан обл. – Рауан Мыңбаев, 8 701 493 37 43, r.mynbayev@qazindustry.gov.kz
Ø Нұр-Сұлтан қ., Ақмола обл., Қостанай обл., СҚО – Шоқан Сүйінов, 8 701 525 10 25, sh.suyunov@qazindustry.gov.kz;
Ø ШҚО, Қарағанды обл., Павлодар обл. – Асылан Бекбергенов, 8 701 222 44 69, a.bekbergenov@qazindustry.gov.kz.
Сонымен қатар, бизнес бойынша оперативті консультация беру үшін біз – Export (https://t.me/joinchat/MaueMAnxOAh-iUzFbTbExQ) QazIndustry телеграм чатын аштық, онда мемлекеттік ынталандыру шараларын алу бойынша барлық мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жауап ала аласыздар.
Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы өтінімдерді ОНЛАЙН ұсыну қажет.
Бұл үшін алдағы уақытта өтінімді курьер қызметі арқылы қағаз тасымалдауышта ұсынумен, www.qazindustry.gov.kz сайтында тіркелу қажет.
Қағаз тасымалдауыштағы өтінімді жеткізу мекенжайы:
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 5-қабат (кеңсе).