ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Тұрсынбай Момынқұловты Жеңіс күнімен құттықтады

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Тұрсынбай Момынқұловты Жеңіс күнімен құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Тұрсынбай Момынқұловты жасаған ерлігі үшін оған алғыс айтып, естелік сыйлықтарын табыстап, Жеңіс Күнімен құттықтады.

Ардагер 1926 жылғы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Майбұлақ ауылында дүниеге келген. Орта мектептің жеті сыныбын тәмәмдаған. 17 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылады. Семей қаласында 209-ші атқыштар дивизиясында дайындық курстарынан өткен. 1944 жылғы желтоқсанда генерал Шатиловтың 1168-ші дивизиясының құрамында Берлинді алуға қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін Берлинде генерал Шатиловтың дивизиясында қалуға шешім қабылдайды. 5 жыл қызмет етіп, 1950 жылы, Отанына оралады. 1951-1954 жж. поштада жұмыс жасаған. 1954 жылдан 1965 жылға дейін колхозда жұмыс жасады. 1965 жылдан 1986 жылға дейін сауда саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты. «ІІ-дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін», «Германиядағы жеңісі үшін» медальдары, Жеңіс күніне мерейтойлық медальдарымен марапатталған.  Жұбайы екеуі 9 бала тәрбиелеген. 31 немере, 18 шөбересі бар.

«Мен бакытты жұлдызда дүниеге келдім»,- деп әзілдейді қарт жауынгер, ол 1945 жылы Ұлы Отан Соғысында Ұлы Жеңіс күнімен бірге өзінің туған күнін тойлаған.