ЕЭО мүше-мемлекеттердің стандарттау және аккредиттеу органдары басшыларының кеңесі құрылды

ЕЭО мүше-мемлекеттердің стандарттау және аккредиттеу органдары басшыларының кеңесі құрылды

Еуразиялық экономикалық одақ Мемлекет басшылары 2018 жылғы 14 мамырда Сочи қаласында (Ресей Федерациясы) Одаққа мүше мемлекеттердің стандарттау бойынша мемлекеттік (ұлттық) органдары басшыларының кеңесін, сондай-ақ, Одаққа мүше-мемлекеттердің аккредиттеу бойынша органдары басшыларының кеңесін құру ережесі бекітілді.

2014 жылғы 29 мамырдағы Одақ туралы Шарт ережелерінің аясында техникалық реттеу саласында стандарттау мен аккредиттеуді дамыту мақсатында стандарттау және аккредиттеу басшыларының кеңесі Одақтың көмекші органы ретінде құрылды.

Басшылар кеңесі стандарттау мен аккредиттеуді дамытудың стратегиясын, бағыттары мен перспективаларын анықтау бойынша, мүше-мемлекеттердің заңнамаларын жетілдіру мен үйлестіру ұсыныстарын дайындайды. Сондай-ақ, стандарттау мен аккредиттеу бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу мен мүше-мемлекеттердің тәжірибесімен алмасуын қамтамасыз етуде бастамашылық етеді деп болжануда.

Фото ашық ақпарат көзінен