
Биыл 4 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,1%-ға өсті. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 4,9%, өндеу өнеркәсібінің өсімі 5,9%. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14 аймақта өсіп отыр.
«Тау-кен өнеркәсібінде түсті металдар кенін өндіру көлемі 2,1%-ға және темір кенін өндіру көлемі 3,9%-ға өсті. Өндеу өнеркәсібіндегі жалпы салалар бойынша оң серпін бар. метарллургия өнеркәсібінде 4,1% (қара металлургия 6,1%-ға, түсті 2,4%-ға); химия өнеркәсібінде 14,1%; машина жасауда 10,2%; фармацевтикада 7,7%; құрылыс материалдарын өндіруде 3,8%; жеңіл өнеркәсіпте 2,1% өсім бар»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Министрдің пікірінше, негізгі базалық металдар бағасының өткен жылдың деңгейінде сақталуы Қазақстан өнеркәсібі өндірісінің көлеміне оң ықпал етеді.
Фото мұрағаттан алынды