Ақтоғай тау- кен байыту комбинатының қайта өңдеу қуаттарын кеңейту бағытындағы жобаның іске асырылуы

Ақтоғай тау- кен байыту комбинатының қайта өңдеу қуаттарын кеңейту бағытындағы жобаның іске асырылуы

Ақтоғай тау-кен байыту кешенінде өндіріс аясын кеңейту жобасы Ақтоғай мыс кен орнының жұмыс істеп тұрған ашық кенішінен шикізатты қайта өңдеу көлемін екі есе ұлғайту үшін қосымша байыту фабрикасын салуды көздейді. Ақтоғай әлемдегі мыс кенінің ең ірі кен орындарының бірі болып табылады, мұнда шамамен бес миллион тонна мыс бар. Айта кетерлік жайт, мыс қазіргі заманауи инфрақұрылымның барлық бағыттарында, электр энергиясын сынау мен беруде, көлікте, коммуникацияларда, өнеркәсіптік жабдықтар мен электр құралдарын өндіруде маңызды рөл атқарады. Сондықтан мыс өндірісінің көлемін ұлғайту өзекті мәселе болып табылады.

Болжам бойынша, жаңа зауыттағы өндіріс көлемі 2022−2027 жылдар аралығында 80 000 тоннаға жуық концентраттағы мыс өндірілмек. Кеніштің одан әрі жұмыс істеу кезеңінде жылына қосымша 60 мың тонна өндіретін болады, ол кезде мыстың орташа құрамы минералдық ресурстарда ұстау шегінде – 0,34% болады.

Ақтоғай-II пайдалануға берілгеннен кейін сульфидті кеннен жыл сайынғы мыс өндірісі 2022−2027 жылдар аралығында 170 мың тоннаға дейін және кейіннен 130 мың тоннаға дейін өседі. 2027 жылға дейін таза ақшалай өзіндік құнның жоспарлы көрсеткіші бір фунт үшін 100-120 АҚШ-тың цент мөлшерінде сақталады, осылайша аталмыш жоба индустрия бағытындағы аз шығынды жобалардың бірі саналады.

Бүгінгі күні сульфид фабрикасының ғимараты бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде: іргетасты қалау аяқталды, металл құрылымдары салынды, барлық үш диірмен бойынша тірек плиталары орнатылды. Құрылыс жұмыстарына 2500 адам тартылды. Жоспар бойынша жаңа байыту фабрикасындағы бірінші кен 2021 жылы өңделмек. Сондай-ақ, өндірісті іске қосып, жобалық қуатқа шыққаннан кейін компанияда қосымша жұмыс орындарының саны 700-ге жуық адамды құрайды.

KAZ Minerals-Қазақстандағы мыс өндіру мен жаңа тау- кен өндірістерін дамытуға бағытталған мыс өндіретін ірі компаниялардың бірі. KAZ Minerals тобының құрамына: ашық түрдегі кен орындары Павлодар облысындағы Бозшакөл және Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай, Шығыс Қазақстандағы үш жер асты кеніші және Қырғызстандағы ашық түрдегі Бозымшақ алтын жезді кеніші кіреді.

2017 жылдың желтоқсанында KAZ Minerals тобының директорлар кеңесі 2021 жылдан бастап сульфидті кенді қайта өңдеу бойынша қуатын 50 млн тоннаға дейін екі еселеу мақсатында құны $1,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын Ақтоғай кенін кеңейту жобасы туралы хабарлады. Осылайша, өңдеу көлемінің артуына байланысты сульфид рудасын өңдеу мерзімі 28 жылға дейін қысқарады. Жобаны іске асыру өңір экономикасының неғұрлым қарқынды дамуына қосымша серпін беріп, аймақтық және республикалық бюджеттерге салықтық және басқа да түсімдердің ұлғаюына септігін тигізеді. Сондай-ақ, жоба қосымша жұмыс орындарын ашып, ұлттық кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру саясаты жалғасатын болады.