«Орталық Азия елдерінде Технологиялар трансферті жүйесін дамыту»

«Орталық Азия елдерінде Технологиялар трансферті жүйесін дамыту»

2018 жылғы 30-31 мамырда Астана қаласында «Орталық Азия елдерінде Технологиялар трансферті жүйесін дамыту» атты аймақтық семинар өтеді. Семинар «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірлігімен, БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және БҰҰ Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша Технологиялар трансферті орталығымен бірге ұйымдастырылады.

Семинар барысында технологиялар трансферті процесін үйымдастырумен байланысты технологиялық даму моделін, өндірістік процестерді технологиялық жетілдіру мүмкіндіктері мен қажеттілігін, Орталық Азия елдері ұйымдарының мысалында инновациялық-технологиялық менеджментті қарастыру ұсынылады.

Семинардың басты спикерлері – ЭСКАТО Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша Технологияларды трансферттеу орталығының басшысы Мичико Иномото және сарапшылары Кришнан Рахаван және Сатибатра Саху, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК үйлестірушілері.

Семинарға қатысу технологиялар трансферті жобаларын тиімді жоспарлау, дамыту және енгізу, технологияларды бағалау және зияткерлік меншік құқықтарын басқару саласындағы еуропалық және азиялық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында қатысушылар еуропалық әріптестерімен бірлесіп өз тәжірибелерімен бөлісуге, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге және іскерлік байланыстар тізімін кеңейтуге мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ, семинар барысында шақырылған халықаралық сарапшылардың қатысуымен ашық оқыту (тренинг) жоспарланған. Технологиялар трансфертінің практикалық мысалдары негізінде қатысушыларға технологиялық сұрауды қалыптастыру, технологияларды іздеу, ең қолайлы технологиялық шешімдерді таңдау, лицензиялық келісімдер жасасу ерекшеліктерімен танысуға және дағдыларын меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинарға ғылым, техника және инновация саласындағы саясатты анықтау және насихаттау процесіне тартылған ұйымдар, кәсіпорындардың, кәсіпкерлікті дамытуды қолдайтын даму институттарының өкілдері, сондай-ақ технологиялық процестер саласындағы делдалдар шақырылады.

«ТДҰА» АҚ сайтында www.natd.gov.kz бағдарламамен танысуға және семинар-тренингтің жұмысына қатысу үшін тіркеуден өтуге болады.

Өткізу орны: Астана қ., Мәңгілік Ел 55А, конференц зал.