Инновациялық технологиялар паркі және жетекші француз ғылыми-зерттеу институты өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді

Инновациялық технологиялар паркі және жетекші француз ғылыми-зерттеу институты өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді

Global Challenges Summit 2018 - XI Астана экономикалық форумы аясында «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры және Choiseul институты өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Құжатқа «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ-ның бас директоры Санжар Кеттебеков пен Institut Choiseul президенті Паскаль Ларот қол қойды.

Францияда орналасқан «Institut Choiseul» экономикалық және саяси стратегияларды талдауға бағытталған тәуелсіз зерттеу орталығы болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қоры мен «Institut Choiseul» орталығының өзара ынтымақтастығы экономиканың басым бағыттары бойынша инновацияны дамытуға, технологиялық шешімдер мен идеяларды коммерцияландыруға, инновациялық жобалар шешімдерінің механизмдерін дамытуға бағытталған.

Өзара ынтымақтасудың басты мақсаты – тараптардың инновацияларды тиімді дамытуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастыру.

«ИТП» ДКҚ мен Institut Choiseul келесі бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс жүргізеді:

1.    Француз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік шеңберінде екі елдің инновациялық кәсіпорындарының қызметіне қолдау көрсету және инвестицияларды тартудың синергетикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында инновациялық сала субъектілері қызметіне қолдау көрсету

2.    Инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу үшін бірлескен ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалану;

3.    Инновациялық жобалар көрмелерін бірлесіп ұйымдастыру және өткізу.

Анықтама:

«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Tech Garden) бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» Мемлекеттік бағдарламасының 63-ші қадамы аясында қызметін жүзеге асырады; Алматыдағы жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-техникалық базасын нығайтады; Ұлттық экономиканың негізгі секторларындағы құзыреттілікті арттыру және жаңа өндірістерді құру үшін трансұлттық корпорациялар негізінде салалық технологиялық орталықтарды құрады; технологиялық компаниялар үшін толық циклді қолдауды қамтамасыз етеді; жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған компанияларды инкубациялау үшін отандық өндірісті дамытуға және Қазақстанға халықаралық стартаптарды тартуға бағытталған «Startup Kazakhstan» халықаралық акселерация бағдарламасын іске асырады.