
Global Challenges Summit 2018 – XI Астана экономикалық форумы аясында «Инновациялық қолдаудың экожүйесі. Екпінді өсімді қалай қамтамасыз ету керек?» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Сессияны Инвестициялар және даму министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ және «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды.
Инновация саласын қолдау тақырыбында өткен пікірсайысқа ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, «Ракус» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров, Қазақстандағы Дүниежүзілік банк офисінің басшысы Ато Браун, Singularity University Ресейдегі ресми өкілі Евгений Кузнецов, Accenture басқарушы директоры Ирмгард Гласмахер, SlovakInnovationand Energy Agency (SIEA) сараптама бөлімінің директоры Артур Бобовницки, Strategeast негізін қалаушы және президенті Анатолий Моткин қатысты.
Т.Тоқтабаевтың айтуынша, Инвестициялар және даму министрлігі Президенттің инновациялық саясатын іске асыруға белсенді түрде атсалысады.
Израиль, Финляндия және Сингапурдың тәжірибесіне негізделген инновациялық даму саласындағы бірыңғай ұлттық операторды анықтау идеясы тұжырымдалған. Бұны «Технологиялық даму ұлттық агенттігіне» жүктеу жоспарлануда.
Осы мақсаттарда «ТДҰА» АҚ құрылымы қайта құру процесіне кірісті: Бірыңғай оператор үшін оңтайлы ұйымдастыру құрылымын ұсынатын инновациялық менеджмент саласындағы маман Accenture халықаралық консалтингтік компаниясы тартылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді. Ол «Экономиканы жаңғырту және цифрландыру» инновациялық саясат саласындағы ЭЫДҰ сарапшыларының ұсыныстарына негізделген. Инновациялық саясатты іске асыруды үйлестіру мен тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанындағы Инновациялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабылданды.
Вице-министр жауап бергендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік әзірлеген венчурлық қаржыландыру туралы заң өте тамаша болды. Ол венчурлық инвестициялық нарықтың дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан үшін бірқатар жаңа концепцияларды қарастырады және біздің болжамымыз бойынша инновациялық салаларға қаржы тартады.
2017 жылы «ИТП» ДКҚ базасында «GVACapitalManagement» трансұлттық корпорациясының көмегімен арнайы экономикалық аймақтың артықшылықтарын пайдалану үшін құрылған «GVAAlatauFund» кәсіпорны IT-саласында перспективалық жобаларды дамытуды қолдауға арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында елордада - «Астана-хаб» IT-стартаптардың Халықаралық технологиялық паркінде жаңа инновациялық орталық құрылды. Қазақстан қор биржасында инновациялық жобаларға инвестиция тарту үшін мамандандырылған стартап-алаң іске қосылды.
«Биыл Дүниежүзілік банктің қатысуымен «ТДҰА» АҚ базасында Инновациялық обсерватория құрылады. Жалпы, Бірыңғай операторлардың халықаралық тәжірибесінде бірнеше тәсілдер мен құралдар жиынтығы бар. Олардың барлығын Қазақстанда қолдану үшін үйреніп жатырмыз»,-деді вице-министр.
