Құрметті химия өнеркәсібінің қызметкерлері мен ардагерлер!

Құрметті химия өнеркәсібінің қызметкерлері мен ардагерлер!

Жыл сайын мамыр айының соңғы жексенбісінде химия өнеркәсібінің өкілдері Химиктер күнін атап өтеді. Айтулы күні еңбек ардагерлеріне және осы мамандық иелеріне құрмет көрсетіледі.

Химия өнеркәсібінің жетістіктері барлығымыздың өмірімізде маңызды орын алады. Онсыз адамзат бүгінгі күні даму деңгейіне жете алмайтын еді. Химия кен өндіру, металлургия, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, құрылыс және тамақ өнімдерінің түрлі салаларында сұранысқа ие.

Тәуелсіз Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытуға үлес қосқан ардагерлердің еңбектері орасан.

Қазақстан аумағында Д.И.Менделеев кестесінің барлық дерлік элементтері бар. Бұл осы саладағы жұмысты жемісті етіп, әрі қарай терең ғылыми зерттеулерді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Осынау елеулі күні Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсідік комитеті атынан ұзақ жылдар бойы адал еңбегін химия өнеркәсібінің дамуына зор үлесі қосқан ардагерлерімізге алғысымызды білдіреміз және мұнай-химия, химиялық, микробиологиялық және химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіп қызметкерлерін, білім, ғылым, мұнай-химия ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарын кәсіби мерекемен құттықтаймыз. Мол табыс пен жетістіктерге қол жеткізіп, өркендей беріңіздер!