VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Астана қаласында  2018 жылдың 25 мамырында еңбек өнімділігін арттыру мәселелеріне арналған VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияны ұйымдастырушы «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ.

Конференцияның мақсаты мемлекеттік сектор мен бизнес-қауымдастық арасында еңбек өнімділігін арттыру арқылы экономиканың басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлеуетті және ынталандыру шараларын талқылау диолог алаңын ұйымдастыру.  Сондай-ақ конференцияда халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жаңа мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі талқыланады.

Конференцияға министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, даму институттарының, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ Ұлыбритания, Ресей және т.б. шетелдік сарапшылар қатысады деп жоспарлануда.

Спикерлердің бірі ретінде  Ресей Федерациясының «Еңбек өнімділігі Ұлттық орталығының» бас директоры  Сергей Смирнов сөз сөйлейді. Сарапшы еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша әлемнің дамыған елдерінде көптеген жылдар бойы табысты қолданылған TWI ("Training within industry" – " (Өндіріс салалар бойынша оқыту) технологиясы туралы баяндайды.

Конференцияның тағы бір спикері – британдық BRIT Education & Travel компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі Саламов Сослан Қазбекұлы.  Компания британдық экономиканың нақты секторларында бизнесті ұйымдастыруды, оның ішінде бейіндік кәсіпорындарға баруды және мамандандырылған көрмелерге қатысуды зерттеуді көздейтін, ресейлік компаниялар мен Ұлыбританияның ресейлік кәсіпкерлері үшін іскерлік сапарлар мен тәжірибе алмасу бағдарламасын ұйымдастырады.

Анықтама: 2015 жылдан бастап «КИРИ» АҚ 127 өнеркәсіптің 1,042 млрд. теңге шығынын өтеп берген, олар еңбек өнімділігін жақсартуға бағытталған.

Өткізу орны:  Астана қ., "Hilton Astana", қонақ үйі, Сауран көшесі, 46.

Тіркеу: сағат 09:00–09:30

Байланыс ақпараты: +7 702 121 8082, +7 771 907 00 88

Қатысу үшін төмендегі сілтемеге өту керек: http://kidi.gov.kz/forumform

БАҚ аккредитациясы үшін төмендегі сілтеме бойынша форманы толтыруды сұраймыз.

http://kidi.gov.kz/forumform  немесе 8701 773 5691, 8 7172 983784 (ішкі 1055) телефондарына,  сондай-ақ  a.janabay@kidi.gov.kz. электронды мекенжайына хабарласуға болады.

Барлық қызығушылық танытқандарды VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.