Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасындағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасындағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

2018 жылғы 22 мамырда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасындағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Урс Шмидтпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, сонымен қатар Қазақстан және Швейцария арасындағы өзара экономикалық іс-әрекеттерінің перспективаларын талқылады.

У. Шмидт мырза 2018 жылғы 9-12 шілде аралығында Швейцарияның Экономика министрі Й. Шнайдер-Амманның Қазақстанға жоспарлаған іссапарының бағдарламасын, сонымен қатар «Бір жол – Бір белдеу» бағдарламасы шеңберінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Швейцарияның қатысу мүмкіндігіне тоқталды.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін атап өтті.