
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігімен бірге 2018 жылға инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыруды іске асыруға кіріседі.
Инновациялық гранттарға өтінімдер 2018 жылдың 6 маусым мен 16 шілде аралығында «Digital Baiterek» интернет-порталында http://digital.baiterek.gov.kz/ электронды форматта қабылданады.
Қолданыстағы кəсіпорындардың технологиялық дамуы үшін гранттар беру ережесіне сəйкес, гранттық келісім лицензиялық келісім бойынша негізделген шығындардың 70% жəне (немесе) жабдықты сатып алуға негізделген шығындардың 50% дейін құрайды.
Грант қазіргі заманғы/алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік технологияларды трансферттеу арқылы кәсіпорынның технологиялық деңгейін көтеруге бағытталған.
Салалардың технологиялық дамуына арналған инновациялық грант мөлшері лицензиялық келісім бойынша негізделген шығындардың 70% -на дейін, құрал-жабдықтарды сатып алудың негізделген шығындардың 50% дейін және технологиялық құзыреттерді арттыру үшін негізделген шығындардың 85% дейін құрайды.
Грант негізінен алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар, тәжірибелер, білімдер мен дағдыларды трансферттеу арқылы қолданыстағы өндірістерді дамытуға бағытталған.
Технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттың мөлшері негізделген жарияланған шығындардың 50% дейін құрайды.
Грант өз өндірісіне ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізуге бағытталған.
Гранттың әрбір түрі үшін игеру мерзімі 36 айдан аспауы керек.
Агенттік ашықтықты арттыру, түсіндіруге қолжетімділік және мемлекеттік қолдау шараларының сапасын арттыру тұрғысынан инновациялық гранттар беру бағдарламасын нығайтты.
2011-2017 жылдар аралығындағы кезеңде жалпы сомасы 13,882 млн. теңгеден астам соммаға инновациялық гранттар беру туралы 337 келісім жасалды.
Жалпы, гранттық қаржыландыру бағдарламасының жүзеге асырылуы оң әлеуметтік-экономикалық динамиканы көрсетеді. Грант алушылар берген ақпаратқа сәйкес, 2014-2017 жылдар аралығында жобаларды жүзеге асыру барысында 3158 жұмыс орны ашылды, грант алушылар төлеген салықтар сомасы 8 893 млрд. теңгені құрады, жалпы шығарған өнім көлемі - 162 910 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі уақытта Агенттік қолайлы инновациялық экожүйені құруға бағытталған бизнес-модельді қайта құруды жүргізуде, оның аяқталуы ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында күтіледі.
Толық ақпаратты www.natd.gov.kz/grants сайтынан таба аласыз, сондай-ақ «ТДЖҰА» АҚ телефондары арқылы +7(7172) 571-016 (ішк.444)/ ҚР ИДМ +7(7172) 983-429, +7(7172) 983-431 және мына мекенжай бойынша: Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 55а, бизнес-орталық «Байтерек».