NADLoC отандық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша конференция өткізді

NADLoC отандық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша конференция өткізді

2018 жылдың 24 мамыры күні Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі«Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ-ның ұйымдастырылуымен Отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау құралдары, «Цифрлы Казахстан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жергілікті қамтуды дамыту перспективалары» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі, Шымкент қаласының әкімшілігі, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті, «Атамекен» ҚР КҰП, «Ғылым Қоры» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның және 30-дан астам отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Конференцияны ашқан «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі«NADLoC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Закирьянова іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Игорь Копаилов өз сөзінде іс-шараны ұйымдастырған «NADLoC» АҚ-ның өкілдеріне алғыс білдірді және Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы айтты.

Отырыс барысында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ өкілдері мемлекеттік қолдау құралдары, сондай-ақ «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктері мен болашағын түсіндірді. Бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобалардағы жергілікті қамтуды арттыру және IT индустрия саласының кәсіпорындарын дамытуға жәрдемдесу қарастырылды.

«Ғылым Қоры» жобалық дирекциясының директоры Құрманғазы Омаров 2016 жылдан бастап Қор ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру операторы болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ грант беру шарттары мен бәсекелестік механизмі туралы айтты.

Сонымен қатар, конференция барысында «ARTA SAFTWARE» ЖШС құрылтайшысы Болат Башеев CustomerJourneyMap(сатып алушының саяхат картасы) негізінде кәсіпорындарды автоматтандыру технологиясын ұсынды.

Өзінің баяндамасында Alageum Electric компаниясының өкілі Жандаулет Ербосын кемінде 220 жұмыс орны ашылатын «Asia Trafo» жобасы, аяқталу сатысында тұрғаны туралы айтып өтті. Бұл жоба «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жүзеге асырылады. Инвестициялар көлемі 17,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде «Қазақстан Даму Банкі» АҚ мен «ҚДБ-Лизинг» АҚ 8,7 млрд. Тенге.

Отандық тауар өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін насихаттау мақсатында конференция қатысушылары «High Industrial Lubricants & Liquids (HILL) Corporatıon»,  «Бал текстиль»,  «ӘЛЕМ БТ»,  «ЕВРО Кристалл», «Shymkent Temir» кәсіпорындарын аралады.