«ТеңізСервис» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексеріс

«ТеңізСервис» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексеріс

Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша 2018 жылдың 1-ші жартыжылдық кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 12 сәуір мен 11 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, «ТеңізСервис» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді. Баутино поселкесінде орналасқан теңіз операцияларын қолдау базасы мен теңіз кемелеріне жанармай құю станциясын тексеру қорытындысы бойынша 3 тармақ бұзушылықтар анықталып заңды тұлға мен жеке тұлғаға айыппұл салынды.