
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) жұмыс жоспарының 8 тармағын орындау мақсатында Департаментте 2018 жылдың 18 мамырында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қызметкерлері Сайлау Сартайұлы Оразовтың, Еркебұлан Берікжанұлы Қойлыбаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, сонымен қатар 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормалары түсіндірілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысы Д.О.Тлеубаев сөз сөйледі және көтергіш құрылыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы міндетін Г.Т.Бабаевтың Департаментте жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» негізгі ережелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қызметкері С.С. Оразов мысалдар мен видеоматериалдарды келтіре отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтып өтті. Баяндамашыларды тыңдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау туралы туындағын сұрақтар бойынша талқылау өтті.

