Мұнаралы крандарының иелеріне бойынша дөңгелек үстел

Мұнаралы крандарының иелеріне бойынша дөңгелек үстел

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің 2018 жылғы 19 наурыздағы (2018 жылы 26 сәуірдегі шығ.№ 25-1/6-736) тапсырысын орындау мақсатында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), мұнаралы крандарының иелері, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау (МСҚБ) және облыс прокурорларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында мұнаралы крандарының иелеріне қауіпсіз жұмыс туралы бірқатар сұрақтар талқыланып хаттамалық тапсырмалар берілген, атап айтқанда:

Департамент:

- МСҚБ-мен қосымша Алматы облысы бойынша мұнаралы крандарға тұрақты негізде пайдаланудағы құрылыс объектілерін салыстыруды жүргізу;

- мемлекеттік органдармен крандарының орналасқан жерін анықтау және жүк көтергіш механизмдер техникалық жағдайлары жөніндегі мәліметтер алу туралы хат жолдау;

Қауіпті өндірістік объектілер басшыларына:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік объектілерде өндірістік бақылауды күшейту, қауіпті өндірістік талаптарын қатаң сақталуын жолымен қамтамасыз ету;

- жүк көтергіш механизмдерді, крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ережесінің талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде крандарының пайдалану кезінде есепке қою және есептен шығару тәртібін тұрақты орналасқан жерлерде қоюын қамтамасыз ету, ал тұрақты орналасқан емес жерлерде, уақытша есепке алу;

- мұнаралы крандардың қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша қызмет көрсетуші персоналға уақытынан тыс семинарлар мен тренингтер, нұсқаулықтар өткізу.