
2018 жылдың 25 мамырында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілінің және Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды.
Департамент басшысы Талғат Байзақовтың төрағалық етуімен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 924 Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы 2018 жылдың 3 сәуірінен бастап күшіне енгендігін айта келе, қызмет алушылардың жіберіп отырған сәйкессіздіктері туралы түсіндіру жүргізді.
Осыған байланысты қауіпті өндірістік объектілерінің өкілдеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандарт талабына сәйкес, баламасыз түрде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылатындығын атап өтті.

