
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) жұмыс жоспарының 13 тармағын орындау мақсатында Департаментте 2018 жылдың 24 мамырында, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Мемлекеттік энергетикалық тізілім орталығының директоры Алмат Қабыкенов, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ өңірлік менеджері Айдос Демесинов, «БТА Банк» АҚ, «Орталық мемлекеттік мұражай» РММ байланыс және ақпарат бойынша ҚР Агенттігі, «Кастинг» ЖШС, «КСМК-Курылыс» ЖШС, «Петрочайна Интернешнл Казахстан ЖШС (SINOOIL ЖШС)», «RAIMBEK BOTTLERS» ЖШС, «Алматы қ. «Шанырақ» ы/а, Мемлекеттік мамандандырылған мектеп-интернат-колледж олимпиядалық резерві» РММ, «КазФерроСталь» ЖШС, «Цин-Каз» ЖШС, өкілдері қатысуымен «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кейбір мәселелерді түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысының орынбасары Самат Болатұлы Қарабеков сөз сөйледі және салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды бақылау бөлімінің бас маманы Камшат Тлепиева энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың кейбір мәселелері туралы баяндамасы тыңдалды.
Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 13 қаңтарының № 541-IV «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының негізгі мәселелері, сонымен қатар, Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің субъектілеріне, Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің операторына, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және Даму Министрлігі 2015 жылдың 31 наурызда бекітілген Мемлекеттік энергетикалық тізілімді құру мен жүргізу ережесіне сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ақпарат ұсыну туралы, энергетикалық аудит туралы, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне» сәйкес, Заңның талаптарын орындамағаны үшін шара қолдану туралы Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің мәселелері талқыланды.
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ өкілдері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативті-құқықтық актілерге қатысты сонымен қатар, Мемлекеттік энергетикалық тізілімді құру мен жүргізу ережесіне түсініктеме берді. Баяндамашыларды тыңдау қорытындысы бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында туындағын сұрақтар бойынша талқылау өтті.

