
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі - Департамент), мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бергізбеу мақсатында Қазақстан Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - Комитет) Мұнай-газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы Асқар Ұзақбайұлы Уразбагамбетовтің, Комитет Департаменттері басшыларының және Департамент қызметкерлерінің қатысуымен 2018 жылдың 23 мамырында «Инспекторлық құрамның бақылау-қадағалау қызметіндегі жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» семинар-жиналыс өткізілді.
Комитет Департаменттерінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізген іс-шаралары және көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша баяндама оқыды.
Семинар – жиналыс соңында, жиналыс төрағасы Асқар Ұзақбайұлы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алуды бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау бойынша үздіксіз жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

