
Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының 2020 жылға арналған қызметіне мониторинг жүргізу мақсатында ҚР ИИДМ-нің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен ағымдағы жылғы 27 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қара металлургия кәсіпорындары: "АрселлорМиттал Теміртау" АҚ, "KSP Steel" ЖШС, "Кастинг" ЖШС, "Теміртау электрометаллургиялық комбинаты" АҚ, "Тараз металлургиялық зауыты" ЖШС, "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС, "Bapy Mining" ЖШС, "КазТрубПром" ЖШС, "Tenaris" ЖШС, "Шымкент-Темір" ЖШС, "Ferrum-Vtor", "Сантехпром" ЖШС, "Ақтөбе рельс арқалық зауыты" ЖШС, "тау-кен темір" ЖШС», "Текелі тау-кен өңдеу кешені" ЖШС тыңдалды.
Кәсіпорындар қызметінің 2019 жылдың қорытындылары туралы баяндалды және 2020 жылға арналған перспективалық жоспары талқыланды. Бұдан басқа, кадрлық қажеттілік, қызметкерлердің жалақысы, өндірісті жаңғырту және ағымдағы проблемалық мәселелер қаралды. Жалпы қара металлургия кәсіпорындары ағымдағы жылы өндірістің жылдық көлемін орындауға ниетті.