Көмір кәсіпорындарының 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды

Көмір кәсіпорындарының 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде 25 көмір өндіруші компанияның 2020 жылға арналған тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарлары және 2019 жылғы жұмыс қорытындылары тыңдалды.

2019 жылы республика бойынша 111,1 млн.тонна көмір өндірілді, олар: электр станцияларына - 57,3 млн. тонна; өнеркәсіп кәсіпорындарына - 6,2 млн. тонна; коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа - 11,3 млн. тонна жіберілді.

2019 жылы "Богатырь Көмір" ЖШС, ЕЭК "Восточный" разрезі, "Шұбаркөл Көмір" ЖШС, "Майкубен Вест" АҚ, "Қаражыра ЛТД" АҚ, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаменті сияқты көмір компаниялары үлкен үлес қосты.

Тау-кен саласын дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламаларын қарау барысында жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың тау-кен техникасының жай-күйіне, кадрлармен жасақталуына, кәсіпорындарды дамытуға инвестициялық міндеттемелерге, ағымдағы проблемалық мәселелерге және оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылды.