Қару-жарақ экспортын бақылау мәселесі бойынша өңіраралық семинар

Қару-жарақ экспортын бақылау мәселесі бойынша өңіраралық семинар

2020 жылдың 26-27 ақпанында Бішкекте (Қырғызстан Республикасы) қару- жарақтың экспортын бақылау мәселесі бойынша семинар өтті.

Семинарға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, Германия, Грекия, Латвия, Литва және Чехия сарапшылары қатысты.

Семинар аясында қару экспортын бақылау саласындағы қауіп-қатерлерді бағалау, тәуекелдерді басқару өлшемдері бойынша мәселелер, транзит пен артық жүкті бақылау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ семинарға қатысушылар экспорттық бақылау мәселелеріндегі ұлттық бақылау тізімдері мен ведомствоаралық ынтымақтастық туралы ақпаратпен алмасты .

Бұл семинар COARM жобасы аясында Орталық Азия елдері үшін екінші өңірлік іс-шара болып табылады. Бірінші өңірлік семинар 2019 жылы қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан Республикасы) өткізілді.