
2018 жылғы 30 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғалары мен облыс әкімдері аппараттары басшыларының қатысуымен отырыс өткізілді.
Отырыс барысында әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғалар қызметінің аралық қорытындылары жарияланды. Атап айтқанда, 2017 жыл ішіндегі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселелері бойынша жұмыс нәтижелері ұсынылды. Мысалы, ҚР МҚІСЖҚІА өкілдері әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғалар тарапына берілген шағымдар санының артқанын, әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаларға сенім деңгейінің артқанын және мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті қызметінде тиімді қорғау шараларын әзірлеуге жәрдемдесу қажеттігін атап өтті. (http://kyzmet.gov.kz/ru/news/itogi-raboty-upolnomochennyh-po-etike-obsudili-v-adgspk).
Отырыстың қорытындылары бойынша әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғалар қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар жасалды. Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғалар институтының имиджін арттыру мақсатында ең үздік әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға атағына республикалық байқаудың өткізілетіні туралы жарияланды, ал әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғасы жеңімпаз деп танылған мемлекеттік орган «Ең ашық (этикалық) мемлекеттік орган» мәртебесін алатын болады.
Бұдан басқа, отырыс барысында ҚР МҚІСЖҚІА төрағасы А.Шпекбаевтың атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері: Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитов және Кадр жұмысы департаментінің трансформация басқармасының бас сарапшысы Мағжан Сақаев марапатталды.

