Астана қаласында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жанындағы Жарылыс ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Астана қаласында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жанындағы Жарылыс ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

2018 жылғы 31 мамырда Астана қаласында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жанындағы Жарылыс ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Кеңестің күн тәртібінде келесі  өзекті мәселелер қаралды:

1. Қызметі өнеркәсіптік жарылғыш материалдардың айналымымен байланысты ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.

2. Қызметі жарылғыш және пиротехникалық  (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзуге байланысты ұйымдардың өндірістік бақылау жағдайы туралы.

3.  Өнеркәсіптік жарылғыш заттар айналымы саласындағы проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары.

Жарылыс ісі жөніндегі кеңес отырысына инвестициялар және даму, ішкі істер министрліктерінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы өкілдері, жарылыс жұмыстарын жүргізетін тау-кен өндіруші кәсіпорындардың, ЖМ шығарушы зауыттар елдерінің мамандандырылған салалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары басшылары мен мамандары қатысты.

Жарылыс ісі жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарау және талқылау нәтижесі бойынша, жарылыс жұмыстарын және жарылғыш материалдармен жұмыс жүргізетін  қауіпті өндірістік объектілердегі апаттылық пен өндірістік жарақаттанудың деңгейін төмендетуге бағытталған бірлескен шешім қабылданып, хаттама әзірленеді және Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің   жанындағы Жарылыс ісі жөніндегі кеңес төрағасы қол қояды.