Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы өтті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы өтті. Биылғы кеңесі отырысының басты тақырыбы «Жеделдетілген модернизациялау».

Ірі трансұлттық компаниялардың көшбасшылары цифрлық трансформация, жаңа технологияларды қолдану, бұдан әрі экономикалық өсудің перспективалары, цифрландырудың негізінде модернизациялау (өнім өндіру салаларына цифрлы технологияларды енгізу), Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, сондай-ақ инфрақұрылымды модернизациялау және маман даярлау мәселелерін талқылады.

Отырыста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сэр Сума Чакрабарти, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов, «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Агрис Прейманис, ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, «ЛУКОЙЛ» компаниясының президенті Вагит Алекперов, «Royal Dutch Shell plc» компаниясының бас атқарушы директоры Бен Ван Берден, «Эксон Мобил Продакшн Компани» компаниясының президенті Нил Даффин, «Полиметалл УК» АҚ компаниясының президенті Игорь Финогенов, «Тоталь Разведка и Добыча» компаниясының Оңтүстік Еуропа және Каспий елдері бойынша вице-президенті Бернар Клеман, «Шеврон» корпорациясының атқарушы вице-президенті Джей Джонсон, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Андрей Бельянинов, «General Electric» компаниясының «Бейкер Хьюз» тобының президенті және бас атқарушы директоры Лоренцо Симонелли, ERG менеджерлері кеңесінің төрағасы Александр Машкевич және т.б.

Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылғаннан бері Мемлекет басшысының төрағалығымен 30-ға жуық пленарлық отырыс өтті. Онда елдегі шетелдік инвестициялардың құқықтық режимін жетілдіру, Қазақстанның сот жүйесін жетілдіру, салық салу жүйесін оңтайландыру және шетелдік жұмыс күшін тарту, Қазақстанның инвестициялық имиджін жақсарту, болашақтың энергиясы, сондай-ақ бірқатар басқа кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өтетін бірегей алаң болып саналады. Кеңес 1998 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында елдегі инвестициялық қызметке қатысты проблемалық мәселелерді тиімді шешу үшін және Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту үшін тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына 35 ірі трансұлттық компания мен халықаралық ұйым кіреді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы өтті