Қосарлы мақсатта пайдаланылатын материалдар мен технологияларды экспорттық бақылау жөніндегі жобаның екінші кезеңін іске асыру басталды.

Қосарлы мақсатта пайдаланылатын материалдар мен технологияларды экспорттық бақылау жөніндегі жобаның екінші кезеңін іске асыру басталды.

Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы (ХҒТО) ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Еуропалық Одақ бастама жасаған және қаржыландырған қосарлы мақсатта пайдаланылатын материалдар мен технологияларды экспорттық бақылау жөніндегі жобаның екінші кезеңін іске асыруға кірісті. Мұндай маңызды шараға арқау болған Астана қаласында өткен «Экспорттық бақылау жүйесіндегі ғылыми-техникалық эволюциялық сын-қатер» тақырыбындағы семинар болды.

Жобаның жаңа кезеңі Қазақстандағы Р2Р бағдарламасының сәтті нәтижелерін көршілес және Орталық Азиядағы 10 елде, атап айтқанда Ауғанстан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда географиялық және тақырыптық кеңейту арқылы өңірлерге бөлуге бағытталған.

Жобаның көздеген мақсаты – экспорттық бақылауда өңірлік ынтымақтастыққа дем беру.

Семинарда көтерілген мәселелер - мүдделі тараптардың нақты салалардағы ортақ қызығушылықтарын айқындау, соның ішінде заңнамалық базаларды және институционалдық тетіктерді құру, экспортты сәйкестендіру, сертификаттау және лицензиялау саясатындағы жаңа бағыт, жоғары білім берудің рөлі мен әлеуетті арттыруға арналған арнайы курстар, өнеркәсіптік ұйымдарға ішкі бақылау рәсімдерін орындауға және өндірістік кезеңді бақылауға мүмкіндік беретін құралдар туралы болды.