"Ашық сағат алаңында" Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу мәселелері талқыланды

"Ашық сағат алаңында" Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу мәселелері талқыланды

"Ашық сағат алаңы" диалог алаңында ZOOM арқылы Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Жиынға Индустриялық даму комитетінің және отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

2022 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын жеңіл өнеркәсіп тауарларына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгіледі.

Бұл құжатты қабылдаудың мақсаты өндірістік қуаттардың жүктемесін толықтай қамтамасыз ету, шығарылатын өнімді өткізу, жұмыс орындарын сақтау және жеңіл өнеркәсіп саласындағы әлеуметтік тұрақтандыруға бағытталған.

Жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы Айжан Әділованың айтуынша, Министрлік бизнес өкілдерімен бірлесіп, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтары көрсетілген жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға жолдаған.

Ашық алаңда бизнестің мемлекеттік сатып алу тәсілдерін жақсарту, бойынша ұсыныстары тыңдалды:

- қызмет көрсету бөлігінде сатып алу;

- ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп тану бөлігінде мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларын орындау;

- спорттық жабдықтарды бір жерден сатып алу бойынша спорт ұйымдарымен жұмыс жүргізу.