2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ КОНКУРС ӨТЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН  ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ КОНКУРС ӨТЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыты: Геология, минералдық және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар бойынша өткізіледі:

Конкурстың мәні болып табылатын салалық ғылыми зерттеудің тақырыбы: Полиметалл шикізатын кешенді өңдеудің түбегейлі жаңа технологияларын әзірлеу.

Конкурстық құжаттама мен өтінімді рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Кожахметов Айдар Бауыржанұлы, телефон 8 (7172) 64-85-13.

Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде https://is.ncste.kz. сілтемесі бойынша беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 9-қараша сағат 9:00-ден 2022 жылғы 8-желтоқсан сағат 23:59   аралығында.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған кезден бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін бітеді.

Конкурстық құжаттама