ТМД құрылысшылары ақпараттық модельдеу бойынша шағын комиссия құрды

ТМД құрылысшылары ақпараттық модельдеу бойынша шағын комиссия құрды

ТМД құрылыс саласының өкілдері ТМД құрылысындағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласында нормативтік-техникалық базаны дамыту бойынша шағын комиссия құрды.

Комиссияның алғашқы отырысы 2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) төрағалығымен өтеді.

Уағдалыстыққа ТМД елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің техникалық реттеу мәселелері бойынша Базалық ұйымның 3-ші отырысының барысында қол жеткізілді.

2018 жылдың 7-9 маусымы аралығында Душанбеде өткен іс-шараға Ресейден, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Тәжікстаннан келген құрылыс саласының мамандары қатысты.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу саласындағы мемлекетаралық өзара іс-қимыл жасаудың негізгі аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

«2017 жылы ҚазҚСҒЗИ  сарапшылары Қазақстанның құрылыс саласына ақпараттық модельдеуді енгізу тұжырымдамасын әзірледі. Ал осы жылдың сәуір айында біздің сарапшылар нормативтік-техникалық құжаттарды кейіннен дұрыс цифрлау үшін терминдердің өзара байланысын сипаттайтын, сондай-ақ ақпараттық модельдеу технологиялары бойынша бірыңғай мемлекетаралық цифрлық сөздік құруды ұсынды. 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарланған ТМД құрылысындағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту бойынша шағын комиссияның отырысы ТМД елдерінің құрылысындағы жаңа технологияларды дамытудағы ынтымақтастықты кеңейтуге және күшейтуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

Базалық ұйымның отырысында сейсмикаға төзімді құрылыс нормаларын үйлестіру және дамыту мәселесіне, бірлескен эксперименталдық-теориялық зерттеулер жүргізуге ерекше назар аударылды.

Қазақстан ТМД аймағында сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы танылған сарапшы болғандықтан, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Техникалық мәселелер жөніндегі бас директордың кеңесшісі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс нормаларын үйлестіру және дамыту мәселелері бойынша техника ғылымдарының докторы Миркен Абақановтың баяндамасы ерекше болды.

Өз кезегінде, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаров «ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында сейсмикаға төзімді құрылыс мәселелері бойынша Базалық ұйым құруды ұсынды.

Осы мәселенің өзектілігіне және кеңінен қарастыру қажеттілігіне байланысты, сейсмикаға төзімді құрылысқа қатысты жекелеген отырыс өткізу туралы шешім қабылданды.

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

Строители СНГ создали подкомиссию по информационному моделированию

Строители СНГ создали подкомиссию по информационному моделированию