«QazIndustry» қызметкерлердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға арналған вебинарлар өткізді

«QazIndustry» қызметкерлердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға арналған вебинарлар өткізді

Биылғы жылдың басынан бері «QazIndustry» АҚ цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша 12 оқыту вебинарын өткізді.

Оған еліміздің 18 өңірінен 235-ке жуық өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар вебинарларға 10 мемлекеттік органның, 20 IT-компанияның, 11 ұлттық компанияның, 2 білім беру мекемесінің және 2 байланыс операторының өкілдері қатысты.

Шараға қатысуға жалпы саны 414 адам тіркеліп, өтініш білдірген. Олардың басым бөлігі әртүрлі деңгейдегі басшылық құрам өкілдері.

Вебинарларға спикер ретінде өндірістік процестерді цифрландыру саласындағы шетелдік және отандық сарапшылар тартылды. Жүргізілген талдау нәтижелері қатысушылар тарапынан цифрлық ойлау, өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық жетілдіру, өндірістегі кайдзен, персоналдың цифрлық құзыреттілігі тақырыптары үлкен қызығушылық тудырғанын көрсетті.

Сондай-ақ шара аясында Алматы және Жетісу облыстары мен Алматы және Павлодар қалалары кәсіпорындарының өкілдері үшін арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Оған жалпы 105 маман қатысты. Олардың ішінде 60 қатысушы әртүрлі деңгейдегі басшылық лауазымдағы тұлғалар.

«QazIndustry» оқыту іс-шараларын кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту бағытын дамыту және өнеркәсіп саласындағы білім беру және  ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде өткізеді. 4.0 Индустриясын насихаттау бойынша оқыту іс-шаралары келесі жылы да жалғасын таппақ.