"Машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағы" ҚБ-не қатысты

"Машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағы" ҚБ-не қатысты

Қазіргі уақытта машина жасау саласындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның құрамы мен ережесін жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін мүдделі тараптармен 2023-2025 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімді дайындау және келісу жоспарланған.

Кәсіпорындар мен машина жасаушылардың салалық кәсіподағы арасындағы ахуалды реттеу шеңберінде Министрліктің, кәсіпорындардың, кәсіподақтың және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен тұрақты түрде кеңестер мен кездесулер өткізіледі.

Кеңестер мен кездесулерде жағдайды реттеу бойынша белгілі бір уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бірқатар кәсіпорындар бойынша кәсіподақтың пайдасына сот шешімі бар, кәсіпорындардың бір бөлігі кәсіподақпен медиативтік келісімнен бас тартты, басқа кәсіпорындар бойынша қазіргі уақытта сот процестері жүргізілуде.

Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін тек тиісті соттар тексеріп, қайта қарауы мүмкін.

Осыған байланысты тараптарға тұрақты негізде бәтуалы мәмілеге қол жеткізу және медиативтік келісім жасау ұсынылады. Қазіргі уақытта кәсіпорындармен жағдайды реттеу жұмыстары жалғасуда.