
2018 жылдың 19 маусымы сағат 15:00-де «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ («ҚИДИ») Көрме орталығында 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресі аясында « Қатты пайдалы қазбаларды шығарудың жаңа тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Дөңгелек үстелге ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов, ВИСТ Азия бас директоры Гүлсара Еділбаева, Назарбаев университетіне қарасты Жер ғылымдары және тау-кен істері мектебінің өкілі Фиделис Суоринени, сонымен қатар даму институттары, кәсіпкерлер палатасы, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдері қатысады. Дөңгелек үстел жұмысы «The Boston Consulting Group» серіктесі және Ресейдегі өкілдігінің басқарушы директоры Андрей Новицкийдің модераторлығымен өтеді.
Сонымен қатар онда қатты пайдалы қазбаларды шығаруды басқаруда кешендік ақпараттық-технологиялық тәсілдерді енгізу, ақпараттық және цифрлық технологияларды қолдану, табиғи ресурстарды басқарудың түрлі сатыларындағы технологиялар трансферінің (геологиялық барлау, шығару, байыту, металлургия) әлемдік тәжірибелері мәселелері талқылананады.
Дөңгелек үстелді өткізудің басты мақсаты – кешендік ақпараттық-технологиялық тәсілдерді енгізу бойынша нұсқаулар мен ұсыныстарды әзірлеу, тау-кен металлургиялық кешеннің түрлі технологиялық сатыларындағы тиімді ақпараттық өзара әрекеттесу кезінде туындайтын кедергілерді анықтау, қатты пайдалы қазбаларды шығаруды дамытудың жаңа стратегиясы мен шешімдерін іздеу.
Толық ақпаратты келесі телефон бойынша ала-аласыз:
+7 (7172) 98 37 84 (іш. 1055, іш. 100).
Фото ашық ақпарат көзінен