
Алматы агломерациясы аумағында өндірістік және логистикалық шағын аймақтар құрылуда. Олар Алматы қаласынан өнеркәсіптік және коймалық кәсіпорындардың орнын ауыстыруға арналған. Соңғы 5 жылда перифериялық агломерация аймағының аумағына 31 кәсіпорын шығарылды. Сонымен бірге, Алматы қаласының қолданыстағы кәсіпорындарды индустриалды аймақтарға шығару жұмыстары жүргізілуде.
Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр «Жаңа Алматы» Арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі G4 City қала-спутниктері құрылғаннан кейін пысықталатын болады.
«G4 City жобасын іске асыруы 2008 жылы басталды.Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес 2030 жылға дейін бірінші Gate City қала-спутнигін салу көзделген. Республикалық бюджеттен 34,2 млрд. теңге бөлінді. «Gate City»-дің бірінші кезеңінде сумен, газбен және электрмен жабдықтау нысандары (барлығы 9 ірі объектілер) салынды. Көлік жолдары бойынша жұмыстар аяқталуда (2018 жылы пайдалануға беріледі).
2017 жылдың желтоқсан айында жылумен жабдықтау желілерінің бірінші іске қосылатын кешені аяқталды. Биыл жылу трассасымен 200 МВт қазандықты (3 іске қосылатын кешен) пайдалануға беру жоспарланған. Оңтүстік жобалау ауданының аумағында 1,4 млн. шаршы метр тұрғын-үй салу жоспарланған»,-деді Роман Скляр
«Қорғас-Шығыс қақпасы» Арнайы экономкалық аймақ субзоналарын салу мәселесі Алматы агломерациясын дамыту перспективаларын есепке ала отырып, қарастырылатын болады.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Арнайы экономикалық аймақ аумағында инвестициялық қызметті 16 компания жұмыс істейді. Олар 151 гектар жерде жалпы сомасы 427 млрд.теңге болатын 26 нысан құрылысын жоспарлап отыр. Терминалдық аймақ нысандары бойынша және «Самұрық» орталық алаң» екі сауда үй нысандарының құрылысы аяқталды. Биыл 124,2 млрд.теңгенің 5 нысаны іске қосылады. 91 млрд. теңгенің 12 жобасы конкурстық процедурадан өтуде.
Фото ашық ақпарат көзінен