ТМК өнеркәсіптік өндірістің 23,5%-н және қазақстандық экспорттың 23%-ын құрайды

ТМК өнеркәсіптік өндірістің 23,5%-н және қазақстандық экспорттың 23%-ын құрайды

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстандағы тау-кен металлургия саласының маңыздылығы минералды және шикізат ресурстарының алуан түрлілігіне байланысты. Жер қойнауынан 99 химиялық элемент анықталды, 70 барланды, 60 өндіріліп алынды және пайдаланылды.

«Біз үшін тау-кен металлургиялық кешен ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда аталмыш сектор ІЖӨ-нің 7%-н, өнеркәсіптік өндірістің 23,5%-н және қазақстандық экспорттың 23%-ын құрайды. Онда 800-ге жуық ірі, орта және шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. Қазақстанның бай минералды-шикізат базасы ТМК өнімдерінің жаһандық нарығында негізгі ойыншы болуға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, экспорттаушылардың әлемдік рейтингісінде Қазақстан ферроқорытпалар бойынша төртінші, мыстан алтыншы, мырыштан жетінші, қорғасыннан сегізінші, титан губкасы бойынша үшінші орында. Болашақта базалық металлдарды экспорттауды одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, өнімдерді қайта өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

«Соңғы 8 жылда индустрияландырудың жаңа бағдарламасының аясында ТМК-да 80-нен астам жаңа жоба пайдалануға берілді. Бұл өндіріс құрылымында айтарлықтай ілгерілеу мен әртараптандыру қадамдарын жасауға мүмкіндік берді. Біз Қазақстан электролиз зауытын салдық және бастапқы алюминий мен алюминий қорытпаларын алдық және дайын өнімді (профильдер, дискілер және т.б.) өндіре бастадық. Жоғары сапалы титан қорытпаларын шығару бізді ғаламдық авиажасау желісіне біріктіруге мүмкіндік берді»,-деді министр.

Тау-кен металлургиялық кешенін әрі қарай дамыту үшін шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. 2005 жылдан бері тау-кен металлургия кешеніне 34,2 млрд. АҚШ доллары тартылды.

Қазақстанда Glencore, ArcelorMittal, Posco, Polymetal, EvrazHolding және тағы басқа да өз сегменттерінде көшбасшы болып табылатын трансұлттық компаниялар жұмыс істейді.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа Кодекс қабылданды, Астана халықаралық қаржы орталығы құрылды. Онда тәуелсіз сот және Халықаралық арбитраж ағылшын заңының принциптері мен нормалары бойынша жұмыс істейтін болады.

Министрдің пікірінше, бұл жүйелік өзгерістер оның тиімділігін арттыру, инвестицияларды ұлғайту, көптеген жаңа депозиттер ашу және дамыту, жаңа өзара тиімді шарттар жасасу өнеркәсіптің дамуына елеулі үлес қосады.

ГМК формирует 23,5% промышленного производства  и 23% экспорта Казахстана

ГМК формирует 23,5% промышленного производства  и 23% экспорта Казахстана